• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Теннис 08 Қараша, 2023

Джокович тым ұзап кетті

137 рет
көрсетілді

Күні кеше ғана Парижде аяқталған АТР-дің «Мастерс» турнирінде топ жарған сербиялық теннисші Новак Джоковичті жуық арада ешкімнің қуып жете алмайтыны анық.

«Үлкен дулыға» санатындағы жарыстардың 24 дүркін жеңімпазы қазіргі кезде 11 445 ұпайды еншілеп отыр. Екінші орындағы Карлос Алькарас басты бәсекелесінен көп қалып келеді. Бұл күндері Испанияның жас дарыны 8 455 ұпаймен шектеліп отыр. Сондай-ақ үздік ондыққа Даниил Медведев (Ресей), Янник Синнер (Италия), Андрей Рублев (Ресей), Стефанос Циципас (Грекия), Александр Зверев (Германия), Хольгер Руне (Дания), Хуберт Хуркач (Польша) және Тэйлор Фритц (АҚШ) сынды саңлақтар енді.

Қазақстанның теннисшілері арасында ең үздік көрсеткіш Александр Бубликке тиесілі. Қоржынында 1 369 ұпайы бар еліміздің бірінші ракеткасы 32 орынды иеленіп тұр. Өткен апта­ның соңында АҚШ-тың Шарлотсвилл қала­сын­да аяқталған «Челленджер» турнирінде топ жарған қандасымыз бірден 53 сатыға жоға­рылап, қазіргі кезде 195-орынды еншілеп отыр. Одан кейінгі сатыларға Михаил Кукушкин (213-орын), Тимофей Скатов (216-орын) және Денис Евсеев (239-орын) жайғасты.