• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Үкімет 08 Қараша, 2023

ЮНЕСКО-ның Бас директорымен кездесті

137 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин ЮНЕСКО Бас конференциясының 42-сессиясы аясында ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одрэ Азулемен кездесті.

Ерлан Қарин ЮНЕСКО басшы­сының биылғы маусым айында елі­мізге ресми сапармен келіп, Мем­ле­кет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі өзара тиім­ді екі­жақ­ты ынтымақтастық­ты дамытуға тың серпін бергенін атап өтті.

Мемлекеттік кеңесші Қазақ­станның осы ұйыммен мәдени және табиғи мұраларды қорғау саласында ықпалдастықты тереңдетуге мүдделі екенін жеткізді. Жер жүзінде климат өзгеріп жатқан кезеңде ЮНЕСКО-ның қолдауымен Алматыдағы Орталық Азия аймақтық гляцио­логиялық орталығының дәйекті түрде жүргізіп отырған зерттеулерінің мән-мағынасы зор.

Ерлан Қарин ЮНЕСКО басшысына Ұйымның Алматы қаласындағы Кластерлік кеңсесіне Көпсалалы аймақтық кеңсе (Бюро) мәртебесін беру туралы шешім қабылдағаны үшін алғыс айтты.

Одрэ Азуле Қазақстанға жасаған сапарын ерекше ықыласпен еске алып, Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен еліміз­де жүргізіліп жатқан жүйелі рефор­маларға, соның ішінде білім, ғылым және мәдениет саласын дамытуға бағытталған іс-шараларға жоғары баға берді.