• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Қараша, 2023

Қазақстанда сиыр еті қымбаттап барады

337 рет
көрсетілді

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров ет бағасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрдің айтуынша, ет бағасы әр өңірде әртүрлі.

«Сиыр еті 2,5 мың теңгеден 4 мың теңгеге дейінгі аралықта сатылып жатыр. Базар мен супермаркеттегі баға әртүрлі. Бірыңғай баға жоқ. Супермаркеттерде оралатын ет бар. Жәрмеңкеде немесе базарда сатылатын арзан ет бар. Жалпы баға төмендеуі мүмкін, мал басы көбейсе, ұсыныс көбейеді. Алайда инфляция мен жем-шөп бағасының көтерілу мәселесі бар екенін ескеруіміз керек», деді Әлібек Қуантыров Мәжіліс кулуарында.

Жуырда  Ауыл шаруашылығы министрі Қазақстанда сиыр етінің орташа бағасы келісіне 2 485 теңге екенін айтқан еді.