• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Футбол 08 Қараша, 2023

Қатармен жолдастық кездесу

159 рет
көрсетілді

16 желтоқсанда Тәуелсіздік күнін тойлап жатқан тұста футболдан ұлттық құрамамыз Қатармен жолдастық кездесу өткізеді.

ФИФА рейтингінде Қатар жерлестері­мізден әлдеқайда жоғары тұр. Олар 61-орынға тұрақтаса, біз 98-сатыға жайғас­тық. Күні бүгінге дейін екі команда өзара төрт мәрте кездесті. Екеуінің де еншісінде екі жеңістен бар. Әр жылдары Қазақстан 1:0 (1996 жылғы Азия кубогінің іріктеу турнирі) және 2:0 (1998 жылғы Азия ойындары) есебімен ұтса, Қатар 3:0 (1996 жылғы Азия кубогінің іріктеу турнирі) және 3:1 (1996 жылғы Азия кубогінің іріктеу турнирі) есебімен жеңіс тойын тойлады. 1992 жылы Барселона Олимпиадасында қарсыластарымыз ширек финалға дейін жетіп, 2019 жылы Азия чемпионы атанды. 2021 жылы КОНКАКАФ кубогінде қола медаль иеленді. Парсы шығанағының өкілдері былтыр өз елінде өткен әлем чемпионатына қатысты. Бірақ Эквадор (0:2), Сенегал (1:3) және Нидерландқа (0:2) есе жіберіп, «А» тобында соңғы орында қалып қойды.

Аталған матч Қатар астанасы Дохадағы «Халифа» (70 мың көрерменге арналған) немесе Лусаилдегі «Ұлттық стадионда» (88 966 көрерменге арналған) қаласында өтуі мүмкін.