• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Денсаулық 09 Қараша, 2023

Қызылшаға қарсы вакциналау басталды

249 рет
көрсетілді

Астанада 6 айдан 10 айға дейінгі балаларға қызылшаға қарсы қосымша вакциналау жүргізіле бастады. Вакциналау қаланың барлық МСАК ұйымдарында жүргізіледі.

Екпе алу үшін қала тұр­ғындары тұ­р­ғылықты жері бойынша емха­наға жүгінуі қажет. Қосымша жап­пай­ иммундау (ҚЖИ) үшін егу каби­неттері жұмыс күндері сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істей­ді. Иммундау жүргізілмес бұрын дәрігер пациентпен қызыл­ша­­ның алдын алуы бойынша ақпаратпен, екпеден кейін болуы­ мүмкін ағзадағы реакциялар бо­йын­ша түсіндірме жұмысын жүр­гі­зе­ді.

«Қызылшаға қарсы қо­сымша жап­пай иммун­даудың қажеттілігі елі­мізде және Астана қаласында қы­зылшамен сырқаттану жағ­да­йы­ның күрт өсуіне байланысты туын­­дап отыр. Науқастардың көп­­шілігі – балалар. Қызылша инфек­­циясының таралуына екпе алмаған балалардың көптігі де ықпал етіп отыр. Мұның себебі – ата-аналардың вакциналаудан бас тартуы, негізсіз медициналық шеттетулер, егілу мерзімін кейінге қалдыру. Қызылша инфекциясынан қорғалмағандар – 6 айдан 11 айға дейінгі кішкентай балалар. Бұл жастағы балаларды омырау сүтімен берілетін аналық иммунитет қорғамайды және дәл осы балалар екпе жасына әлі жетпеген. Себебі қызылшаға қарсы жоспарлы түрде егілу 1 жастан басталады. Балаларымызды қорғаудың және қызылшаның таралуын тоқтатудың жалғыз жолы – вакциналау», деп хабарлады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.