• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Қараша, 2023

«Мейрамханада әйелін ұрып өлтірді»: Экс-министр Қуандық Бишімбаев ұсталды

741 рет
көрсетілді

Астанадағы ресторандардың бірінде соққыға жығылған әйел қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бүгін Астанадағы Бау ресторанында 20:30 шамасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзінің зайыбын соққыға жыққан. Әйел адам жедел жәрдем келгенше жан тапсырды. Қазіргі сәтте экс-шенеунік ұсталды. Оқиға орнында тергеу тобы жұмыс жүргізіп жатыр. Тәртіп сақшылары Қуандық Бишімбаевты ұстау кезінде ол өзіне пышақ салмақшы болған. Күдікті есірткіге масайған күйде болған болуы ықтимал», деп хабарлайды Астана қаласының Полиция департаменті.

Kazinform-ның жазуынша, оқиға орнында Есіл ауданының ПБ және қаланың ПД тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына (Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу) сәйкес, қылмыстық іске қатысты өзге ақпараттар жарияланбайды.