• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Тағайындау 10 Қараша, 2023

Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры тағайындалды

4693 рет
көрсетілді

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры қызметіне Нұркен Әшіров тағайындалды. Бүгін Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева аталған қызметке тағайындалған Нұркен Әшіровті өнер-білім ордасының ұжымына таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұркен Әшіров Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік стипендия иегері. 2004-2010 жылдары Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрінің Бас концертмейстері және солисі қызметін атқарған. 2018-2019 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы ҚҰК Халық музыкасы факультетінің деканы болып қызмет етті. 2019 жылдан бастап осы күнге дейін Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының директоры қызметін атқарды. Аида Балаева Қазақ ұлттық консерваториясының жаңа басшысын құттықтап, қызметін абыроймен атқарарына зор сенім білдіріп, жұмысына сәттілік тіледі.