Елордалық соттың баспасөз қызметі күдіктінің екі ай мерзімге қамауға алынғанын хабарлады.
«2023 жылғы 11 қарашада Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Бишімбаев Қ-ға қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», делінген Астана сотының хабарламасында.
Басқа деректер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.