• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Спорт 12 Қараша, 2023

Шайдоров қола алды

134 рет
көрсетілді

Қытайдың Чунцин қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінде еліміздің мәнерлеп сырғанаушысы Михаил Шайдоров табысты өнер көрсетті.

Жастар арасындағы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, еліміздің үш дүркін чемпионы деген атақтары бар 19 жастағы отан­дасымыз қысқа бағдарламада 89,94 ұпай жиып, үшінші орынды иеленді. Осы нә­тиженің арқасында ол келесі күні де жа­рыс жолына шықты. Шайдорин еркін бағ­дарламаны 174,52 ұпаймен қоры­тындылады. Нәтижесінде, 264,46 ұпай жи­ған алматылық спортшы қола медальды мой­нында жарқыратты.

Гран-при турнирі сенсациялық нәти­жемен аяқталды. Жарыстың басты фавориті – Олимпия ойындарында үш рет жеңіс тұғырына көтеріліп, әлем чемпионатында алтын мен күмісті қос-қостап алған Жа­понияның жұлдызы Шома Уно екінші орынды қанағат тұтты. Ал бас жүлде биылғы Еуропа чемпионы, франциялық Адам Сяо Хим Фаға бұйырды.