Футболдан «Еуро-2024» додасының іріктеу сынына даярланып жатқан Қазақстанның ұлттық құрамасы еліміздің жастар командасына (U-21) қарсы жолдастық кездесу өткізді.
Астанада өткен матч 30 минуттан үш таймға созылды. Алғашында біраз уақыт бойы қос команда бір-бірінің қақпа кілтін таба алмады. Есеп тек 24-минутта ашылды – 1:0. Бұл голдың авторы – Максим Самородов. 50 мен 56-минуттар аралығында Николай Свиридов екі мәрте мергендік танытса, Ислам Чесноков бір рет нысананы дәл көздеді – 4:0. Тек содан кейін ғана жастар естерін жиды. 76-минутта Нұрғайни Бөрібаев пенальтиден допты торға тоғытса, арада санаулы ғана уақыт өткенде екінші мәрте көзге түсті – 4:2. 79-минутта Бақдәулет Зүлфикаров матчтың соңғы нүктесін қойды – 5:2.
Естеріңізге сала кетейік, Н тобында өнер көрсетіп жатқан Қазақстанның ұлттық құрамасы 17 қарашада Мальтаны қабылдаса, 20 қарашада сырт алаңда Словенияға қарсы ойнайды.