• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Үкімет 13 Қараша, 2023

Күн тәртібі бекітілді

206 рет
көрсетілді

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Депутаттардың талқы­лауына резервтегі қызмет мәселелері туралы заң жобасын бірінші оқылымда қарау ұсынылады. Заң жобасында әскери қызметтің жаңа түрі – аумақтық қағидаты бойынша (тұрғылықты жері) келісімшарт негізінде қызметтің ерікті түрі болып саналатын резервтегі қызмет енгізіледі. Ұсынылған түзетулер әскери бөлімдерді адам ресурстарымен кепіл­ден­дірілген қамтамасыз етуге және жауынгерлік іс-қимылдарға дайын резервтік күштер құруға бағытталған.

Сонымен қатар депутаттар алдағы жалпы отырыста «Бала құқықтары туралы конвенция­ға хабарлар рәсіміне қатыс­ты фа­куль­тативтік хаттама­ны рати­­фи­­кациялау туралы» заң жо­ба­­с­ын қарайды. Хаттама­да Кон­­венцияда бекітілген бала құқықтары бұзылған жағ­дайларда жеке шағымдарды қарау тетіктері белгіленеді. Бұл ел аза­маттарының өз мүдде­ле­рін халықаралық заңнама ая­сын­да қорғауды қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ ұлттық қауіп­сіздікті қамтамасыз ету және арнаулы мемлекеттік орган­дардағы қызмет мәселелері бойынша түзетулер екінші оқылымда қаралады.

Мәжіліс комитеттері бірқа­тар жаңа заң жобасын тал­қылауға қабылдайды. Олар: зияткерлік мен­шік құқық­тарының сауда аспек­тілері жөніндегі келісімге толық­тыру енгізу туралы хаттаманы ратификациялау, спорт бағы­тындағы жылқылардың қазақы тұқымын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы.