Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттандыру және цифрлық активтер мәселелеріне қатысты заңды талқылады.
Заң Әкімшілік құқық бұзушылық, Кәсіпкерлік, Еңбек және Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының он заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.
Қаралып жатқан түзетулермен уәкілетті орган ретінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнаманың сақталуын мемлекеттік бақылау жөніндегі қосымша функция беру жоспарланып отыр. Сонымен қатар ұлттық мүддені қорғау және еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін иммигранттардың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін ұсынудың міндетті тетігін енгізу көзделіп отыр.
Депутаттар отырыс қорытындысы бойынша заңды Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.