• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Қараша, 2023

Денсаулыққа зиян өндірісте жұмыс істейтіндерге арнайы әлеуметтік төлем жасалады

373 рет
көрсетілді

Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бірлестіктер және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қабылдады, деп жазады Egemen.kz.

Әлеуметтік кодекске еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарға арнайы әлеуметтік төлем енгізу жөніндегі нормалар да енгізілді. Бұл төлем қызметкер 55 жасқа толған, кемінде 7 жыл міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген болса, азамат зиянды жұмыстардағы қызметін тоқтатқан кезде төленеді.Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен байланысты азамат арнайы әлеуметтік төлем алу, зиянды жұмыстан кету немесе қалу мәселесін өзі шешеді.Сондай-ақ өндірісте зардап шеккен адамдардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау бойынша нормалар ұсынылды.