• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Қараша, 2023

Қазақстан халқының саны 21 миллионға қашан жетеді?

311 рет
көрсетілді

Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Мақсат Тұрлыбаев Қазақстанның 21 миллионыншы тұрғыны 2027 жылы дүниеге келуі мүмкін екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.

«Біз ұзақ мерзімге арналған болжам жасамаймыз. Қысқа мерзімді болжамды алар болсақ, 2027 жылы халық саны 21 миллионға жетуі мүмкін. 2050 жылға қарай халық саны қаншаға жететіндігін есептеп көреміз», деді Мақсат Тұрлыбаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз жиынында.