Өзбекстанның Ташкент қаласында дзюдо күресінен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты басталды. Құрлық додасының алғашқы сайыс күні еліміздің жас балуандары толайым табысқа жетіп, 2 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
50 келі салмақта Нұрбол Асқар, 66 келіде Мұғамедәли Закиров Азия чемпионатының алтын медалін олжалады. Финалда сүрінген Ерхан Мұрат (55 келі) пен Нұрсұлтан Ысқақов (60 келі) күміс медальді місе тұтты. Қыздар арасындағы Азия чемпионатында әзірге 3 қола медаль бұйырды. Зере Өтепқали (40 келі), Тасним Абдуали (48 келі) және Аяулым Қайрат (52 келі) қола медаль еншіледі.