• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 22 Қараша, 2023

Ушудан әлем чемпионаты: Ұлттық құрама 4 медаль жеңіп алды

197 рет
көрсетілді

АҚШ-тың Даллас (Техас штаты) қаласында ушудан 16-шы әлем чемпионаты бүгін аяқталды. Ушу спортының санда түрінен Ұлттық құрама спортшылары 4 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күміс медальді Нұрсұлтан Тұрсынқұлов (+90 кг) қаңжығасына байлады, ал, Ақниет Марат (75 кг), Бексұлтан Коскенов (65 кг), Ислам Каримов (56 кг) қола жүлделерді еншіледі. Биылғы әлем чемпионатына 80-нен астам елден 800-ге жуық спортшы қатысты. Қазақстан жалпы есепте 16-сатыға тұрақтады. Осыған дейінгі әлем чемпионаты 2019 жылы Қытайдың Шанхай қаласында өтіп, Ұлттық құрама Ислам Каримовтың (52 кг) қола жүлдесін қанағат тұтқан.