Жуырда «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты шеңберінде «Жас ұрпақ» жастар қоғамдық бірлестігінің «Жетісу ділмарлары пікірсайыс қозғалысы жобасы аясында» Жетісу облысы білім басқармасымен бірлесе ұйымдастырылған «Жаңа Қазақстанның болашағы – зерделі ұрпақ» атты республикалық пікірсайыс турнирінде бақ сынаған Алматы облысының пікір сайысшылары 3 лигада да жеңімпаздар қатарынан көрінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы облысының намысын қазақ лигасында қорғаған Жамбыл ауданы Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебінің оқушылары Диана Тайтанова Диана, Жадыра Аликова 1-орынды иеленсе, орыс лигасында бақ сынаған Қарасай ауданы Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицей оқушылары Арайлым Төлепбек, Әйгерім Жарқынбек 1-орынды иеленді. Ағылшын лигасында бақ сынаған дәл осы лицейдің оқушысы Аяулым Қурбонбек «Үздік спикер»номинациясын жеңіп алды.