Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Бас прокуратураның және ІІМ Интерпол қызметкерлерімен қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін алаяқтық жасаған Латвия Республикасынан Қазақстан азаматы экстрадицияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«2016 жылы күдікті адам өз тобымен бірлесіп жәбірленушіге өздеріне тиесілі емес пәтерді сатқан. Сөйтіп сатып алушыға 12 млн теңге көлемінде залал келтірген. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған. Кейіннен ол Латвия аумағында ұсталды», деп мәлімдеді Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда ол Астананың тергеу изоляторына қамалды.
Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеумен 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.