• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Сенат 23 Қараша, 2023

Табиғи газ теріскейге тартыла ма?

243 рет
көрсетілді

Сенат депутаты Серік Шайдаров еліміздің  солтүстік, шығыс, орталық аймағына газ тарту мәселесін қозғап, Энергетика министріне сауал жолдады. Сенатор  өңірлерді табиғи газбен қамтамасыз ету үшін қандай қам жасалып жатқанын, қанша қаржы бөлінгенін сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Сенатордың көтерген мәселесіне Энергетика министрінің міндетін атқарушы Хасенов Асхат жауап берді.

«Біз министрлік тарапынан екі нұсқаны қарастырып жатырмыз. Бірінші нұсқа бойынша «Сарыарқа» магистральді газ құбырын әрі қарай жалғап, Астана қаласынан Көкшетауға және Петропавл қаласына дейін тарту. Бұған қосымша Қостанайдан Шығыс Қазақстанға дейін жаңадан газ құбыры желісін салу көзделіп отыр. Бірақ ол  өте күрделі, ауқымды жоба, 2200 шақырымнан асады.  Бұл бірінші нұсқа. Екінші нұсқа бойынша Ресей Федерациясынан солтүстікке және Шығыс Қазақстан  облысына газ құбырларын тарту. Екі нұсқа да егжей-тегжейлді пысықталып жатыр. Техникалық экономикалық тұрғыдан салыстырылатын болады. Нәтижесінде ең тиімді шешім қабылдаймыз. Бұған бөлінетін қаражат жеткілікті ме деген сауалға қатысты айтарым, 2018 жылдан бері газдандыруға бөлінетін қаражат 5 есе ұлғайды, 18 миллиардтан 90 миллиардқа жетті. Бұл газдандыру мәселесін қарқынды жүргізуге мүмкіндік береді. Орталық өңірге қатысты «Сарырарқа» магистральды газ құбыры бар, газдандыру жұмыстарын жүргізу қолға алынады», деді Энергетика министрінің міндетін атқарушы А.Хасенов.