Алматы облысының полиция қызметкерлері құрсағындағы баласын сатпақ болған шетел азаматын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жүктілік мерзімі жеті айға жеткен 24 жастағы әйел әлеуметтік желіде әлі дүниеге келмеген баласын сату туралы хабарлама қалдырған.
Полицейлер оны 22 қараша күні Қарасай ауданында ұстаған.
«Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабының 1-бөлігімен Қарасай аудандық әкімдігінде тіркелді. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты тергеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында сараптамалар тағайындалып, жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов.
Ұсталған азамат Қарасай аудандық полициясының уақытша ұстау изоляторына қамалды.