Өңірде есеп беру кездесуін өткізген Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Қостанай облысының тұрғындарымен жүздесті, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сала басшысымен өткен кездесуге облыстағы спорт федерацияларының басшылары, туризм бағытында шаруасын дөңгелетіп отырған кәсіпкерлер, БАҚ өкілдері, қоғам белсенділері қатысты. 2025 жылға дейін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде 113 жаңа спорт нысаны салынады, қолданысқа берілген 26 нысанға күрделі жөндеу жүргізіліп, қайта жаңғыртылады. Қостанай облысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік байланыс арқылы «Тобыл-Арена» жабық футбол стадионы, «Қостанай» спорттық-ойын-сауық кешені, 50 метрлік жүзу бассейні және мұз спорт сарайы сияқты нысандар қайта жаңартылып, пайдалануға берілді.
Алдағы уақытта мамандандырылған спорт мектеп-интернат-колледжі ашылмақ. Министр Қостанай облысында қысқы спорт түрлері қарқын алып келе жатқанын, бірақ жазғы спорт түрлеріне де баса мән беру қажеттігін айтты.