Алматының «Sadu Arena» спорт кешенінде жасөспірімдер, жастар, ересектер, ардагерлер арасында киокушинкай-кан каратэден әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Спорты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Екі жылда бір рет өтетін жаһандық жарысқа 33 елден 700-ге жуық спортшы қатысып жатыр.
Кеше сайыстың 1-ші күні «кумитэден» жасөспірімдер және «ката» бойынша барлық жас аралығында жекпе-жектер өтті. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы 11 алтын, 10 күміс, 16 қола медальмен жалпыкомандалық есепте көш бастап тұр. Бүгін жастар және ардагерлер (+36) арасындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер белгілі болады. Ертең ерлер мен әйелдер арасындағы бәсекемен жарыс аяқталады.