• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Ауа райы 26 Қараша, 2023

Бүгін елімізде тұман түсіп, жел күшеюі мүмкін

240 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» ел аумағында 26 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ, бұрқасын болады.

Еліміздің қалған аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшеюі мүмкін», деп жазды синоптиктер.