• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Қараша, 2023

Қазақстан ғалымы радиация өткізбейтін ерекше материал ойлап тапты

218 рет
көрсетілді

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті ғалымы Анатолий Протопопов радиация өткізбейтін теңдесі жоқ материал ойлап тапқан. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі Telegram арнасында жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған жаңалыққа әлемдік ірі корпорациялар атом станциясын қауіпсіздендіруде таптырмас дүние деп баға берген.

Ведомство таратқан хабарламада: «Жеңіл композитті материал болғандықтан, космостық радиациядан қорғау мақсатында ғарыш кемелерін, болашақтағы Марс колониялардағы тұрғын-жайларға жабынды ретінде қолдануға болады», делінген.