• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Саясат 28 Қараша, 2023

Ынтымақтастық мәселелері талқыланды

120 рет
көрсетілді

Астанада Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Дин Сюэсянның төраға­лығымен Қазақстан-Қытай Ынтымақтастық жөніндегі комитетінің 11-отырысы өтті.

Іс-шара қарсаңында комитет төрағалары екіжақты кездесу өткізіп, оның барысында әртүрлі бағыттар мен салалардағы үкімет­аралық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін егжей-тегжей талқылады.

Комитет отырысы аясында екі елдің орталық мемлекеттік органдарының бірінші басшы­ларының қатысуымен сауда, кедендік реттеу, энергетика, көлік және логистика, ғылым, мә­де­ниет, қоршаған ортаны қорғау, су шаруашы­лы­ғы қызметі және т.б. салалардағы жұмыс бо­йынша мәселелер қаралды. Бұдан басқа аталған бағыттардағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша нақты қадамдар белгіленді.

«Бүгінгі отырыстың қорытындысы мем­лекет­ара­лық қатынастарды нығайтуға жаңа серпін беретініне сенімдімін. Өткен 2 жыл ішінде барлық шағын комитет өз бағыттары ая­сында уағдаластықтарды іске асырып, одан әрі өзара іс-қимыл жасау үшін жаңа бағ­дарларды белгіледі», деді Р.Скляр.

Өз тарапынан ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Дин Сюэсян қазақстандық тараптың бастамаларына қолдау білдіріп, ҚХР-дың бұрын қол жеткізілген және жаңа уағдаластықтарды іске асыру үшін белсен­ді түрде жұмыс істеуге дайын екенін атап өтті.

«Екі ел арасындағы қарым-қатынас жан-жақты стратегиялық серіктестік деңгейіне жетті. Биыл Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға екі рет сапармен барды. Екі ел басшыларының кездесулері өте мазмұнды өтті. Біздің міндетіміз – қол жеткізілген барлық уағдаластықты іске асыру», деді Дин Сюэсян.

Отырыс соңында тараптар қорытынды хат­та­маға қол қойып, 2025 жылы Қазақстан-Қы­тай Ын­ты­мақтастық жөніндегі комитетінің 12-отыры­сын Қытай аумағында өткізуге келісті.

Роман Скляр мен Дин Сюэсянның қатысуы­мен мәдени орталықтарды өзара құру туралы үкіметаралық келісімге, сондай-ақ ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР Бас кеден басқармасының Қазақстаннан жаңа сүйекті жеміс дақылдарының экспорттық партияларына қойылатын фитосанитарлық талаптарды келісу жөніндегі жұмыс хаттамасына қол қойылды.