• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Оқиға 28 Қараша, 2023

«Ішінде сегіз адам болған»: Шымкентте лифт құлап кетті

389 рет
көрсетілді

Лифт кабинасында сегіз ер адам болған. Олар мінген кезде лифт айналасы 1-2 секундта 7 қабат (9-2 қабатқа дейін) төмен құлдилаған. Одан кейін лифт ішін шаң мен топырақ басып қалған, деп жазады Egemen.kz.

Лифт ішіндегілер шок алғанмен, жазым болғандар жоқ. Жеделсатыда қалып қойғандар есікті өз күштерімен ашып шыққан.

Оқыс оқиға болған лифт «Kazak Lift» ЖШС-іне тиесілі, ол Тұран-2 шағын ауданындағы №40 үйде орналасқан. Тұрғындардың айтуынша жеделсаты 2021 жылы пайдалануға берілген.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті лифттің құлау себебі белгісіз екенін жеткізді.