• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Спорт 28 Қараша, 2023

Кикбоксингтен әлем чемпионатында Ұлттық құрама 22 медаль олжалады

205 рет
көрсетілді

Португалияның Албуфейра қаласында 70 елден 573 спортшы қатысуымен кикбоксингтен ересектер арасында өткен әлем чемпионатында фулл-контакт, лоу-кик, К1, кик-лайт аталатын төрт бөлім бойынша Қазақстан құрамасы жалпы есепте 5 алтын, 5 күміс, 12 қола медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімін Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім қылды.

Фулл-контакт:

Алтын – Марғұлан Айдарұлы (75 кг) Күміс – Данияр Жарасов (54 кг), Аслан Асылбеков (57 кг), Мақсат Үсіп (71 кг), Тимур Ғанза (81 кг) Қола – Дінмұхамед Баймұратов (51 кг), Батырхан Қуандықов (67 кг).

Лоу-кик:

Алтын – Диас Карманов (57 кг) Күміс – Алихан Оздоев (67 кг) Қола – Алина Төлегенова (52 кг), Бейбарыс Сауханбек (60 кг), Шара Хамзина (65 кг).

К1:

Алтын – Нұрсұлтан Жұмабаев (51 кг), Арсен Сойырқас (54 кг), Нұрдаулет Қалшора (57 кг) Қола – Шыңғысхан Тілемісов (63,5 кг), Берік Қалықов (71 кг), Руслан Степанов (81 кг), Гүлбану Саматова (70 кг), Салават Рахимзанов (91 кг).

Кик-лайт:

Қола – Мереке Жүнісова (+70 кг), Фазлиддин Сафаров (+91 кг).