• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Экономика 28 Қараша, 2023

Елімізде мұнай өндіру көлемі күрт қысқарды

270 рет
көрсетілді

Энергетика министрінің кеңесшісі Шыңғыс Ілиясов ауа райының қолайсыздығына және Каспий құбыр консорциумында қабылдауға қойылған шектеулерге байланысты еліміздің ірі кен орындарында мұнай өндіру көлемі күрт қысқарғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

«Қазір еліміздегі ірі кен орындарында мұнай өндіру көлемінің төмендеуі 56% болып отыр. Энергетика министрлігінде жағдайдың қанша уақытта қалыпты жағдайға келетіні туралы деректер жоқ. Жақын арада қысқарту және өндірісті түзету өз деңгейінде қалады», деді Энергетика министрінің кеңесшісі Шыңғыс Ілиясов.

Шыңғыс Ілиясов Теңіз кен орнында тәуліктік мұнай өндіру көлемі де азайғанын айтты.

«Ауа райы жағдайларына және Каспий құбыр консорциумында қабылдауға шектеулерге байланысты Теңіз кен орнындағы тәуліктік мұнай өндіру 39 мың тоннаға дейін төмендеді, бұрын бұл көрсеткіш тәулігіне 84 мың тонна болатын», деді Шыңғыс Ілиясов.