• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Оқиға 28 Қараша, 2023

«50 cent»-тің концертіне жалған билет сатқан алаяқ ұсталды

266 рет
көрсетілді

Алматыда «50 cent»-тің концертіне жалған билеттерді сатқан 18 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда 18 жастағы Л. есімді азамат билет сататын компанияның ресми өкілінің атын жамыла отырып, Instagram арқылы билет алуға өтініштерді қабылдаған. Сондай-ақ әлеуметтік желіде ауқымды жарнамаға SMM менеджерін жалдаған. 

Алматы қалалық криминалдық полиция басқармасы күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді. 

«Қазіргі таңда Алмалы аудандық полиция басқармасында алданған азаматтардың арыздары негізінде ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс тіркелді. Жас жігіт «50 cent»-тің концертіне жалған билеттерді сатқан. Алаяқтың басқа да құрбандарын анықтауға бағытталған тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр»,  деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.