Министр генерал-майор Сырым Шәріпхановтың басшылығымен ТЖМ-ның жедел тобы оқиға орнына аттанды. Онда олар хостелдегі өрттің шығу себептерін тексереді. Алдын ала деректер бойынша өрт ошағы жертөленің дәлізінде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
ТЖМ баспасөз қызметі мәлім еткендей өрт орнында Алматы қаласы ТЖД өрт сынау зертханасының анықтаушылары мен мамандары жұмыс істеп жатыр. Объект бір жарым ай бұрын хостел ретінде қайта жабдықталған.
Алматы қаласы ТЖД өрттің осы фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабына сәйкес қылмыстық іс тіркеді.