• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Қараша, 2023

Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс грант негізінде бөлінбек

204 рет
көрсетілді

Мәжілістің жалпы отырысында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева  «Масс-медиа туралы» және оған ілеспе заң жобасы бойынша баяндама жасап, депутаттардың сауалына жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Масс-медиа туралы» және оған ілеспе заң жобасына қатысты баяндамадан кейін  депутат Ермұрат Бапи  мемлекеттік ақпараттық тапсырыстың бөлінісіне байланысты сауал жолдады.

«Мемлекеттік ақпараттық тапсырысқа  тек мемлекеттік ақпарат құралдары қатысатыны көзделген.  Мемлекеттік ақпараттық тапсырысты тек таралымы аз  мемлекеттік БАҚ-қа беру  ақпарат саласында бюджет қаражатын жұмсаудың тиімсіздігіне әкеліп соқпай ма? Тәуелсіз БАҚ-тың мемлекеттік ақпараттық тапсырысқа қатыстыру мүмкіндігі уәкілетті  органның тарапынан заң жобасында неге қаралмаған?», деді  депутат Ермұрат Бапи. Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаева мемлекеттік ақпараттық  тапсырыс бойынша өзгеріс енгізілетінін айтты.

«Мемлекеттік құзырлы орган ретінде  бұқара халықты шынайы ақпаратпен қамтып,   мемлекеттің  саясатын жан-жақты жеткізуге мүдделіміз. Сондықтан да ақпараттық мемлекеттік тапсырыс тек мемлекеттік  органдарға беріледі деу қисынсыз.  Біз жекеменшіктегі ақпарат құралдарымен де қоян-қолтық  жұмыс атқарып, мемлекеттік ақпараттық тапсырысты беріп отырмыз.   Мемлекеттік ақпараттық тапсырысқа өзгеріс енгізіп,  бұдан былай гранттық қаржыландыру мәселесіне көшеміз.  Өйткені қазіргі қолданыстағы механизм бойынша сөзді, символды санауға басымдық беріледі де, тақырыптың қамтылуы, өзектілігі жан-жақты ашылуы кейінге  ысырылып қалады.  Шығармашылық сапа да төмендейтіні рас. Сондықтан  біз гранттық  жүйені енгізу арқылы тақырыптың жан-жақты ашылуына басымдық береміз. Гранттық жоба алдымен республикалық БАҚ-ты қамтиды,  нәтижесі жақсы болса, жергілікті ақпарат құралдарында да қолданысқа енгіземіз», деді министр.