• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Қараша, 2023

Алматыдағы қайғылы жағдай қабырғамызды қайыстырды - Премьер-министр

118 рет
көрсетілді

Премьер-министр Әлихан Смайылов Алматы қаласында орын алған қайғылы жағдайға байланысты қаза тапқан азаматтардың жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Алматыда адамдардың өліміне әкеп соққан қайғылы жағдай бәріміздің қабырғамызды қайыстырды. Қазақстан Республикасының Үкіметі орын алған оқиғаның себептерін анықтау үшін барлық шараларды қабылдайды, кінәлілер жауапқа тартылады. Барлық зардап шеккендер мен қаза болғандардың отбасыларына көмек көрсетіледі.

Марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына орны толмас ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендерге тезірек сауығып кетулерін тілеймін», деді Әлихан Смайылов.

Айта кетейік, 30 қараша күні сағат 05:33-те Әди Шәріпов  көшесінде орналасқан хостел өртеніп, 13 адам қаза болды.