• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 01 Желтоқсан, 2023

Алдағы үш күнде елімізде бұрқасын мен аяз күтіледі

231 рет
көрсетілді

Алдағы күндері белсенді Атлантикалық циклон жырасымен және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде қар мен жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. 

«3 желтоқсанда солтүстік-батыста және солтүстікте, 3-4 желтоқсанда шығыста, 4 желтоқсанда еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты жауын-шашын күтіледі. Жауын-шашынмен қатар республиканың солтүстік жартысында көктайғақ құбылыстары мен бұрқасын болады деп күтіледі. Республика бойынша тұман, жел 15-29 м/с, еліміздің солтүстік-батысында және солтүстігінде екпіні кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі», делінген хабарламада. 

Сонымен қатар 4 желтоқсаннан бастап солтүстік-батыс антициклонының жотасымен суық ауа массаларының енуі күтіледі, бұл Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасының күрт төмендеуіне әкеледі.

Солтүстік-батыс және солтүстікте түнгі сағаттарда 7-21 градус аязға дейін, ал республиканың орталығы мен шығысында 5-15 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі. Оңтүстік өңірлерде 0-5 градус аязға дейін шамалы төмендеуі болжанады.