29 қарашада Қызылсай табиғи паркі мен «Жабайұшқан» мемлекеттік табиғи қаумалының мамандары Бөрібас жерінде кезекті рейд жүргізген. Іс-шара барысында Nissan Patrol автокөлігімен Жаңаөзен қаласының тұрғындары ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Тексеру барысында автокөліктің жүк салғышынан Қызыл Кітапқа енген бір арқар табылды. Сондай-ақ 26 оғымен 1 аңшы мылтығы және 2 аңшы пышағы тәркіленді», деді «Жабайұшқан» мемлекеттік табиғи қаумалының басшысы Жұлдызбек Есенғалиев.
Аталған дерек Маңғыстау аудандық Полиция бөліміне хабарланып, тіркелген.
«Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр», деп мәлім етті Маңғыстау аудандық полиция бөлімі.