Арменияның Ереван қаласында бокстан жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының жартылай финалдық айқасы өтті. Елімізден барған боксшылардан төрт спортшы финалға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қыздар арасындағы жекпе-жекте 54 келіде Аяжан Сыдық Польша боксшысы Зузанна Голебевсканы жеңді. Енді әлем біріншілігінің алтын медалі үшін үндістандық Амиша Керкеттаға қарсы айқасады. 60 келі салмақта Толғанай Қасымхан ресейлік Кира Леновамен жекпе-жекке түседі. 66 келі салмақта Айсұлу Мұхит румын Амалия Тогумен жұдырықтасады. Ерлер сынында Нұрасыл Төлебек қана финалға өтті. 54 келі салмақта Нұрасыл Үндістан боксшысы Джатинге қарсы айқасады.