Беделді Goal.com интернет-порталы Еуро-2024 ойындарының топтық кезеңнің жеребе тартуы аяқталғаннан кейін турнирдің осы жолғы фавориттерін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Goal.com-ның нұсқасы бойынша Еуро-2024 ойындарының жеңімпазы атануға басты үміткер - Франция құрамасы.
Басылымның болжауынша үздік үштікті Португалия мен Англия түйіндеуі мүмкін. Ал, қазіргі чемпиондар Италия құрамасы басылымның нұсқасында он бірінші орынға жайғасқан.
Айта кетейік, футболдан Еуро ойындары УЕФА құрамында бар мемлекеттердің құрамасы арасында 4 жылда бір ұйымдастырылады.
Еуро - 2024 ойындарының Германияда өтетіндігі 2018 жылы 27 қыркүйекте анықталды.