Нидерландының Леуварденде қаласында жасөспірімдер мен нео-сеньорлар арасында конькимен жүгіруден Әлем кубогінің екінші кезеңі өтіп жатыр. Осы сайыста құрама қыздары қола қанжығалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шорт-тректен Қазақстан әйелдер құрамасы қола жүлдегер атанды.
3000 метрлік әйелдер эстафетасында спортшыларымыз үшінші нәтиже көрсетті. Бұл бағдарлама бойынша ел намысын Алина Ажғалиева, Зейнеп Құмархан, Анастасия Астраханцева, Гүлдана Жалмұхан және Полина Омельчук қорғады.
Ал, алтынды Оңтүстік Корея құрамасы иемденсе, Голландия құрамасы үздік екінші тұғырға табан тіреді.