Арменияның Ереван қаласында 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Еліміздің қыздар құрамасы толайым табысқа жетіп, 3 алтын, 5 қола медаль олжалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
54 келі салмақ дәрежесінде Аяжан Сыдық үндістандық Амиш Керкеттаны айқын ұтты, бес төреші де жерлесіміздің басым түскенін бағамдады. 60 келі салмақта Толғанай Қасымхан Ресей боксшысы Кира Леонованы тоқтатып, алтын медальға ие болды. 66 келі салмақта Айсұлу Мұхит румын боксшысы Амалиа Тугуйді жеңіп, әлем чемпионы атанды.
Дүние чемпионатының қола медалін Сила Биболсынқызы (48 келі), Гаухар Зәрден (50 келі), Айша Сариева (52 келі), Алина Құдайгенова (63 келі), Құралай Егінбайқызы (80 келі) иеленді.
Ерлер арасында 54 келі салмақта сынға түскен Нұрасыл Төлебек финалдық жекпе-жекті бүгін өткізіп, үндістандық Жатинмен айқасады.