• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Желтоқсан, 2023

«Дәрігерлер тексермей антибиотик салған». Қарағандыда ер адам қайтыс болды

352 рет
көрсетілді

Қарағанды облыстық ауруханасында 40 жастағы ер адам анафилактикалық шоктан қайтыс болды. Науқастың қаза болу себебі, дәрігерлердің алдын ала оның ағзасының антибиотикке реакциясын тексермей, цефтриаксон дәрісін салғаны. 8 қарашада ауруханада болған қайғылы оқиғаны жергілікті облыстық клиникалық аурухана хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

40 жастағы Төрежан Мақашевке сол күні жоспарлы ота жасау керек еді. Алайда медбике тамыр арқылы цефтриаксон дәрісін салып, науқас содан кейін көз жұмған.

Облыстық клиникалық аурухана анафилактикалық шоктан жоспарлы ем алу кезінде науқас көз жұмғанын растап отыр.

«Науқасқа операция кезінде ықтимал асқынуларды болдырмау үшін профилактикалық мақсатта «Цефтриаксон» препараты тағайындалды. Науқастың «Цефтриаксон» препаратына аллергиясы бар екендігі туралы айтылғанын ескере отырып, клиника дәрігерлері аллергологиялық және иммунологиялық көмек көрсету стандартының талаптарына сәйкес оны енгізер алдында теріішілік аллергиялық сынақ тағайындады, ол теріс нәтиже көрсетті. Науқастың амбулаториялық картасында аллергиялық реакцияның болуы туралы деректер болған жоқ. Реанимация дәрігерлерінің барлық күш-жігеріне қарамастан, науқас қайтыс болды. Облыстық клиникалық аурухананың Денсаулық сақтау саласындағы НҚА талаптарына сәйкес дәрілік препаратты қолданудың жағымсыз салдары туралы Ұлттық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау орталығына хабарлама, Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментіне жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде өлім туралы шұғыл хабарлама жіберілді», деп түсіндірді Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасы ұжымы.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта Қарағанды облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық қызмет сапасын бақылау комитеті жоспардан тыс тексеру жүргізіп жатыр.

Тексеру нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданбақ.