Жапонияның астанасы Токио қаласында дзюдодан Grand Slam турнирі өтті. Елімізден барған спортшылар жылжабар аламанның іріктеуінен аса алған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Нұрбол Сүлейменов баптайтын ерлер құрамасынан Токиодағы додаға әр салмақта екі балуаннан қосылған еді. Өкінішке қарай, барлығы да іріктеу кезеңінен аса алған жоқ. Биылғы жылдың еншісіндегі үлкен дулыға санатындағы соңғы додада Түркменстан балуаны Хәкім Ағамәмедов (66 келі) қола медаль иеленді.
Қарағанды қаласында өмірген келген Әзербайжан спортшысы Ғидаят Гейдаров 73 келі салмақта айтулы доданың чемпионы атанды.