• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Оқиға 04 Желтоқсан, 2023

Астанада аялдама ерлі-зайыптылардың үстіне құлап кетті

288 рет
көрсетілді

3 желтоқсан күні қатты жел салдарынан Астанадағы Абылай хан көшесі бойындағы аялдама егде жастағы ерлі-зайыптылардың  үстіне құлап кетті. Ер адам ауыр жарақат алып ауруханаға түсті, деп жазады Egemen.kz.

Тосын оқиғаның видеосын әлеуметтік желіге инцидент жүктеген. 

«3 желтоқсан күні таңертең Астана қаласы, Абылай хан көшесі 60 мекенжайы бойындағы аялдамада ата-анам тұрған, желдің әсерінен аялдаманың терезесі оларға құлап, салдарынан әкемнің жамбасы сынған. Енді операция жасау жоспарланып отыр. Қауіпсіздік ережелері сақталмаған жұмыс үшін егде жастағы ата-анам зардап шегіп отыр», деп жазды видео авторы Instagram желісінде.

Видеодан қатты желдің әсерінен аялдаманың әйнегі ерлі-зайыптылардың үстіне түсіп, олардың жерге құлағанын көруге болады. Әйелі орнынан дереу тұрып, жұбайын орнынан тұрғызбақшы болғанмен, ол орнынан қозғала алмаған. 

Оқыс оқиғадан кейін ерлі-зайыптылар №1 қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілген. Тексеру нәтижесінде әйел адам үйден ем алуға жіберіліп, ер адамға операция тағайындалған.