• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Күрес 04 Желтоқсан, 2023

Жалғыз алтын – жұбаныш

138 рет
көрсетілді

Әзербайжанның бас шаһары Бакуде күрес түрлерінен әскерилер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Бұл жарыста 18 мемлекеттен келген 300-ден аса балуан бақ сынады.

Еліміздің еркін күрес ше­бер­лері арасынан Рүстем Мыр­зағалиев табысты өнер көрсетті. Финалға дейін еш қиналмай жет­кен ол шешуші сайыста боз­кілемнің қожайыны Орхан Аб­басовтың айласын асыра алмады. Нәтижесінде, Рүстем күміс медальді мойнына ілді. Дәулет Теміржанов (57 кг), Әділ Оспанов (65 кг), Мейіржан Әшіров (70 кг) және Нұрсұлтан Азов (125 кг) жартылай финалда ұтылып, қола жүлдеге қол созды. Жалпы есепте жарыс қожайындары көш бастады. 10 салмақ дәрежесі бо­йынша өткен бәсекелердің бе­сеуінде, яғни Әли Рагимзаде (65 кг), Гаджи Әлиев (70 кг), Тұ­ран Байрамов (70 кг) және Ибра­гим Юсубов (92 кг) сынды Әзербайжанның апайтөстеріне тең келер ешкім табылмады. Сондай-ақ ирандық Махди Веиси (57) мен Мостафа Тогани (125 кг), түркиялық Ахмед Думан (61 кг) мен Мұстафа Сезсіз (97 кг) және америкалық Морган Маккинтош (86 кг) бас жүлдені қанжығасына байлады. Әйелдер бәсекесінде екі күміс медаль бұйырды. Оның иегерлері – Айнұр Әшімова (57 кг) мен Ирина Кузнецова (62 кг).

Грек-рим күресі шеберлері жалғыз жүлде алғанымен, сапа жағынан еркін және әйелдер кү­ресінен олар озып кетті. Өйт­кені олардың қоржынында алтын медаль бар. Оны Аманғали Бек­болатов олжалады. 55 кг сал­мақ дәре­жесінде күш сынасқан қан­дасымыз бұған дейін де бірқатар аса ірі халықаралық додаларда дараланған. 2022 жылы ол Азия чемпионатында күміс алса, 2023 жылы қоланы еншіледі. 2021 жылы Ислам ынтымақтастығы ойындарында үшінші сатыға тұрақ­тады. Оның алдында жас­өспі­рімдер мен жастардың әлем бірін­шіліктерінде қола медальді иемденді. Ал Қап тауының бөк­терінде Аман­ғали Иран, Ресей, Түр­кия, Әзер­байжан балуандарынан басым тү­сіп, алтын ме­дальді мойнында жар­қы­ратты.

Естеріңізге сала ке­тейік, күні бүгінге дейін екі балуа­нымыз ғана әс­ке­­рилер арасында әлем чем­пио­ны атанған. Олар – ер­кін күрес шебері Бағлан Жа­қан­ша (2013) мен грек-рим күресінің өкілі Ға­лымжан Өсер­баев (2014). Міне, енді со­лардың қа­та­рына ең же­ңіл сал­мақтағы Аман­ғали Бек­бо­латов қосылып отыр.