• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Желтоқсан, 2023

Астанада екінші ауысымдағы мектеп оқушылары онлайн оқиды

259 рет
көрсетілді

Бүгін ауа райының нашарлауына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша Астанада 5 желтоқсан күні боран, көктайғақ, екпіні 23 м/с дейін жел күшейеді деп болжанып отыр.

Қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді. Қала тұрғындарының қауіпсіз жүруі үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге құм-тұз қоспасы себіледі.

Соңғы жаңалықтар