• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Әлем 05 Желтоқсан, 2023

Өзбекстандық қылмыс әлемінің серкесі «Бахти Ташкентский» қамауға алынды

280 рет
көрсетілді

Bugun.uz ақпараттық порталының хабарлауынша Ташкентте заңсыз істермен айналысқан қылмыстық топ қолға түскен. Олардың ішінде «Бахти Ташкентский» лақап атымен танымал Бахтиёр Қудратуллаев та бар, деп жазады Egemen.kz.

Ташкент қаласы Тергеу басқармасы күш көрсету арқылы заңсыз ақшаларды қолға түсіріп келген бір топ қылмыскерді ұстады. Олардың арасында елдің әр бұрышында жүрген қылмыс әлемінің бірнеше лидері болған Бахтиёр Қудратуллаев, Дилшод Шарипов, Анвар Мирзаханов бар. 

Өзбекстан полициясының арнайы жасағы оларды өз үйлерінде қолға түсірген. 

Өзбекстан тергеу басқармасы жүргізген арнайы операция кезінде заңсыз істермен айналысқан 200 қылмыскер қамауға алынған.