• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 05 Желтоқсан, 2023

Президент: Қазақстан Қытаймен ықпалдастықты жандандыруға ниетті

179 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяоны қабылдады. Бұл туралы Ақорда ресми телеграм арнасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжан Сяомен әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Қытаймен барлық бағыт бойынша ықпалдастықты жандандыруға ниетті екенін айтты.

Кездесуде сауда, ауыл шаруашылығы, энергетика, жаңа технология, көлік, логистика салаларындағы өзара тиімді қатынастарды одан әрі арттыру маңызды екені атап өтілді. Сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселесіне де назар аударылды.