• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Парламент 06 Желтоқсан, 2023

«Біз бірінші рет естідік». Депутаттар министр міндетін атқарушының сөзін түсінбей дал болды

393 рет
көрсетілді

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Назира Нұртілеуқызының «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сингапур Республикасының Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау» атты баяндамасын оқу барысында қолданған «қолшатырлық сипат» терминін депутаттар түсінбей қалды, деп жазады Egemen.kz.

Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Назира Нұртілеуқызының баяндамасы ақталғаннан кейін депутат Елнұр Бейсенбай баяндамашыдан өзі қолданған «қолшатырлық сипатқа ие» терминін түсіндіріп беруді сұрады.

«Назира Нұртілеуқызы жаңа өзіңіздің баяндамаңызда жақсы бір термин келтірдіңіз. Біз бірінші рет естідік. «Қолшатырлық сиптқа ие» деген. Мағынасын дипломатиялық тілде түсіндіріп жіберіңізші», деп сұрады депутат. 

Министрдің міндетін атқарушы өз кезегінде:

«Дипломатиялық термин емес, негізі бұл құқықтық термин. Оның мағынасы рамочный,  яғни негіздер ғана беріледі. Ал детализированный дейді ғой. Терминдер екі жақты жобаға келетін болсақ ол ондай условия. Олар басқа келісімге келуі мүмкін. Яғни, бұл жалпы қағидаларды бағыттайтын. Иә», деп түсіндіруге тырысты Назира Нұртілеуқызы.

Депутат Дәулет Мұқаев министрдің міндетін атқарушының бұл жауабын инстаграм парақшасында тұрақты жүргізетін «Кім, не түсінді?» айдарына арқау етті.