Мемлекет басшысы Ақтөбе қаласында жеке инвестициялар есебінен салынған Smart Bilim мектеп-гимназиясына барды, деп жазады Egemen.kz.
Президент білім ошағындағы спорт залын, асхананы және шығармашылық ойлау жүйесін дамытуға арналған ArtLab кабинетін аралап көрді. Сондай-ақ 1-11 сынып оқушыларын негізгі ІТ бағыттар бойынша 3D-модельдеуге баулитын ArtNationkz білім беру жобасымен танысты.
Кәсіпкердің жеке қаражатына салынған бұл мектеп-гимназия биыл қыркүйек айында ашылды. Оның құрылысына 5,7 миллиард теңге жұмсалған. Нысанның аумағы – 122 мың шаршы метр.
Бүгінде мектепте 3600 оқушы білім алып жатыр. Мемлекет басшысы мектеп оқушыларымен әңгімелесіп, олардың оқуда табысты болуына тілектестік білдірді.