• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Алматы 06 Желтоқсан, 2023

Кітап орталығы ашылды

138 рет
көрсетілді

Алматы облысында «Кітап-Amanat» атты айрықша үлгі­дегі кітап орталығы ашылды. Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым, партияның облыстық филиалының төрағасы Қуат Байғожаев және зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері мен оқырмандар қатысты.

Мемлекет басшысы Түр­кістанда өткен Ұлттық құрыл­тайда өскелең ұрпақтың тәр­биесі мен біліміне, ұлттық мүддеге сай келетін кітаптар басып шығаруға ерекше назар аударған еді. Ол кітап шығару ісі идеологиялық жұмыстың бас­ты бағыттарының бірі еке­нін атап өтті.

Осылайша, «Amanat» пар­тия­сының әдебиетке деген қызығушылықты арттыру, адамдарды кітап оқуға ынталандыру, отандық кітап шығарушыларды қол­дауға бағытталған «Кітап-Amanat» жобасы Қаскелеңде кезекті кітап ор­талығының ашылуына ұйытқы болды.

Партияның Алматы облыс­тық филиа­лының төрағасы Қуат Байғожаев ор­талықтың бүгінде 2 мыңға тарта кітап қоры барын атап айтты. «Бұған дейін 80 мыңнан аса тұрғыны бар Қас­келең қаласында бірде-бір кітап дүкені болмаған. Ал бүгін 2 мыңға жуық кітап қоры бар айрықша үлгідегі ор­талық ашыл­ды. Кітаптар барынша арзан бағада сатылады. Қазақша кітаптың түр-түрін кездестіруге болады. Бұл жоба еліміздегі қазіргі заман автор­ларының шығармаларын ғана емес, жалпы отандық әде­биетімізді ілгерілетуге бағыт­талған», дей­і филиал төрағасы.

Ал Халықаралық «Алаш» сый­лығының лауреаты, жазушы-публицист Жұмабай Шаштайұлының айтуын­ша, қоғамда кітап оқитын оқырман бар, тек насихат жеткіліксіз. «Үлкен қалаларда сатылымда бар кітаптар шалғай аймақтағы елді мекендердің дүкен сөре­леріне жетпей жатады. Көп жағдайда қандай кітаптардың жарыққа шығып жатқаны туралы оқырман білмей де қалады. Ал «Кітап-Amanat» жобасы – отандық әдебиетті қолдау бағытындағы маңызды қадам. Оқырмандар үшін көркем шығармалар, балалар әдебиеті, оқулықтар мен әдістемеліктер, ғылым мен бизнес, проза мен поэзия, психология туралы туын­дылар көпшілік назарына ұсынылған. Сондықтан мұн­дай форматтағы орталық көп­­шіліктің кі­тапқа деген қы­зығушылығын арттырады», дейді жазушы.

Кітап орталығына ал­ғаш­қы­лардың бірі болып бас сұқ­қан Мәди Сайділдин есімді оқыр­­ман мұндағы қонақжай пейілдің өзіне қатты ұнағанын айта келіп, «креативке толы құтхана» деген пікірін білдірді. Ол өзінің жеке кітапханасын Қайрат Жолдыбайұлының «Кемел адам» туындысымен толықтырды.

Орталықта ауқымды іс-шаралар, келелі кез­десулер өткізуге болады. Сон­дықтан «Amanat» пар­тиясы Алматы облыстық пар­тия филиалы алдағы уа­қытта елге танымал қалам­герлердің кітап көр­мелері мен тұсаукесерлерін осында ұйым­дастыруға мүд­делі.

Еске сала кетейік, бұған дейін мұндай орталықтар Ас­тана, Алматы, Шымкент қала­лары мен Жамбыл, Қара­ғанды, Ақтөбе, Ақмола, Пав­лодар, Жетісу облыстарында ашылып, кітап дүкендері қазіргі таңда тұрғындарға тұрақты қызмет көрсетіп отыр.

 

Алматы облысы