• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Жекпе-жек 08 Желтоқсан, 2023

Алтын белбеу елде қалды

114 рет
көрсетілді

Астанада аралас жекпе-жектен «Naiza 55» турнирі өтті. Бұл жарыс­та Қа­зақ­стан, Бразилия, Жапо­ния, Ре­сей, Әзер­байжан және Қырғыз­стан­ның спорт­шылары сайысқа түсті.

Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт сарайына жиналған сан мың жанкүйер Жалғас Жұмағұловтың (14-9) айқас алаңына шыққанын тағатсыздана күтті. Кезінде ол ресейлік «Fight Nights Global» ұйымының чемпионы болғаннан кейін UFC-мен келісім­шартқа отырған еді. Алайда әлемнің ең белді промоушені ұйымдастырған дүбірлі додаларда қандасымыздың жолы болмады. 7 жекпе-жектің алтауында жеңілген Жұмағұлов қайта елге оралды. Астанада 35 жастағы сақа спортшы жапониялық Масато Накамурамен (9-7) жұдырықтасты. Бұл бәсеке ұзаққа созылған жоқ. Жалғас қарсыласын бірінші раундта-ақ ауыр соққысымен ұрып жығып, дүйім жұрттың қошеметіне бөленді.

Елорда төрінде өткен жарыстың басты жекпе-жегінде Диас Еренғайыпов (14-3) пен Жапонияның тағы бір файтері Руи Фукуда (21-7-1) «Naiza» ұйымының алтын белбеуін сарапқа салды. Бұл айқаста Диас ұпай санымен жеңісе жетті.