Ұлыбританияның «FourFourTwo» журналы 2000 жылдың алғашқы онжылдығының ең үздік шабуылшыларының есімдерін атады.
Теңдессіздер көшін Тьери Анри бастап тұр. Ол өзінің жұлдызды жылдарын Лондонның «Арсеналы» мен Католонияның «Барселонасында» өткізді. Қарсыластар қақпасына топырлатып гол соғып, аталған клубтардың биік белестерді бағындыруына сүбелі үлес қосты. Франция құрамасы сапында әлем чемпионы (1998), әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2006), Еуропа чемпионы (2003) және Конфедерация кубогінің иегері (2000) атанды. Өз елінің ұлттық командасының құрамында 123 рет жасыл алаңға шығып, 51 гол соқты. Сондай-ақ ТОП-10 шабуылшының қатарына бразилиялық Роналдо, ұлыбританиялық Уэйн Руни, швециялық Златан Ибрагимович, камерундық Самюэль Это’О, украиналық Андрей Шевченко, ивуарлық Дидье Дрогба, франциялық Давид Трезеге, испаниялық Рауль және нидерландтық Руд ван Нистелрой енді.
Ал сол кезеңдегі ең үздік жартылай қорғаушы болып португалиялық Криштиану Роналду танылды. Екінші және үшінші орындарды француз Зинедин Зидан мен бразилиялық Кака өзара бөлісті.